World News

Шымкентте даулы видеодан кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Желіде қаладағы мекеме қызметкерінің балаларға қатысты физикалық күш көрсеткені түсіп қалған видео тарады. Шымкент Полиция департаменті балабақшаға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода балабақша қызметкері балалар жатқан төсекке келіп, сәбиді еденге лақтырғанын көруге болады. Кейін ол жерде отырған баланы қолынан ұстап тұрғызбақ болады, бірақ баланың оған көнбейтінін көріп, оны аяғынан ұстап сүйреп әкетеді. Осы кезде олардың жанында тағы бір бала болған, бір кезде әйел оны бетінен соғып, төсекке барып жатуын меңзейді.
Қалалық Полиция департаменті оқиғаның жай-жапсарын жарияламады, бірақ бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Шымкент Білім басқармасы оқиға туралы ақпарат белгілі болғаннан кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында", - деді Шымкент Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net