Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі? Министрлік жауабы
Елімізде кез келген адамның тегін дәрі-дәрмек алуына құқығы бар. Тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізбесін Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Massaget.kz тілшісі қандай науқастарға тегін дәрі-дәрмек беріледі және алу жолдары туралы министрлікке ресми сауал жолдаған еді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету екі түрге бөлінеді:
стационарлық – бұл ауруханаларда дәрілік ем алу;амбулаториялық – емханаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмек алу.
Тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болады?
тұрғылықты жерінде емханаға тіркелу;диспансерлік есепке тұру және учаскелік терапевттің немесе бейінді маманның бақылауында болу;Егер науқасы тізімге енгізілген болса, тегін рецепт алу (рецепттерді тек учаскелік дәрігерлер мен медициналық ұйымдардың бейінді мамандары ғана жазып береді);медициналық ұйымдардың жанындағы дәріханадан рецепт бойынша жеке куәлігіңізбен дәрі-дәрмекті алу.
Егер жазып берген дәрі-дәрмектер табылмаса, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша "СҚ-Фармация"-ның байланыс орталығы 1439 нөміріне (мобильді және қалалық нөмірлерден) хабарласуға болады. Кімдерге тегін беріледі?
Бюджеттік қаражат есебінен тегін дәрілерді төмендегі аурулармен диспансерлік есепте тұратын емделушілер ала алады:
жүректің ишемиялық ауруы;созылмалы жүрек ауруы;жүрек қақпақшаларының зақымдануы;бастапқы өкпе гипертензиясы;бронхиалды астма;өкпенің созылмалы обструктивті және интерстициальді ауруы;пневмония, тыныс демікмесі;тері және тері асты аурулары;ас қорыту ағзаларының ауруы;эндокриндік жүйе ауруы;сүйек бұлшық-ет жүйесі мен дәнерек тін ауруы;жүйке жүйесінің аурулары;психикалық ауытқулар;инфекциялық және паразиттік аурулар;онкологиялық аурулар;несеп-жыныс жүйесі аурулары;ағза ауыстырылғаннан кейінгі жағдайлар;асқазанда және ішекте ойық жарасы барлар;крон және ойық жаралы колит ауруымен ауыратындар;В және С вирусты гепатиті;қояншық ауруы.
Қандай жағдайда балаларға тегін дәрілер беріледі?18 жасқа дейінгі балаларға төмендегі дәрі-дәрмектер тегін беріледі:
жұтқыншақтың қабынуы, бронхит, тонзилит.пневмония, темір тапшылығы анемиясы.бір жасқа дейінгі балалар рахит ауруын емдеуге арналған дәрілермен, сондай-ақ төмендегі жағдайларда бала өмірінің алғашқы жылдарында оларға ана сүтін алмастырғыштар беріледі;қан ауруларының ауыр түрлері;онкологиялық қатерлі ісік аурулары;психикалық аурулар (психоздар немесе бала туғаннен кейінгі ауыр депрессия);бүйрек ауруларының ауыр түрлері;туа бітті жүрек аурулары;анасының іріңді-септикалық ауруларымен ауыруы;жндокриндік аурулардың ауыр түрлері;аллергиялық аурулардың ауыр түрлері;сүт азаюының бастапқы формасы;
ВИЧ/СПИД;туберкулездің ашық түрі.
Сондай-ақ, бала асырап алғанда, көпұрықтық жүктілік, анасы оқу орнының күндізгі бөлімінің студенті болса, анасы стационарлы бөлімде емдеуде болса немесе балада Немесе егер балада сүт жетіспеушілігі расталса, галактоземия, фенилкетонурия, "кленовый сироп" ауруы болса тегін дәрі-дәрмек алуға құқығы бар.
Тегін дәріні беруден бас тартса...
Егер дәріханашы дәріні беруден бас тартса немесе ол үшін ақы төлеу керек екенін тұспалдап айтса, сізге Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан құрылған дәрі-дәрмек ақпараттық орталығының 8 800 080 88 87 нөміріне қоңырау шалып, шағым қалдыру керек.