World News

Ата насихаты

Әкесі балаларына тату тұрыңдар деп талай айтыпты. Балалары тілін алмай, араздаса беріпті. Бір күні бір байлам шыбықты алып келіп, балаларына беріп:

— Сындырыңдар! — дейді. Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын деп еді, шыбық сынбайды.

Әкесі шыбықты алып, байлауын шешеді де:

— Бір-бірлеп сындырыңдар! — дейді. Балалары оп-оңай сындырады. Сонда әкесі: «Араздасып араларың ашылса, сендер де осы шыбық сияқты боласыңдар. Ұйымшыл болыңдар, сонда сендерді ешбір жау ала алмайды», — дейді.

Тірліктің күші — бірлікте.

Читайте на 123ru.net