Қарағандыда 6 көлік соқтығысқан жол апаты: зардап шеккен жүкті әйелдің жағдайы қалай?
Қарағандыда жергілікті кәсіпкердің кесірінен жол апатына ұшыраған әйелдің күйеуі Lexus жүргізушісін қатаң жазалауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2 қыркүйекте Қарағандыда жол апаты болып, алты көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті. Оның ішінде Юлия Шаяхметова есімді тұрғын болған. Жол апаты болған күні ол кіші ұлын даму орталығына апарып, қайтып келе жатқан. Жолда Lexus асқан жылдамдықпен келе жатып, жол талғамайтын көлік бірнеше көлікке соқтығысқан. Сол көліктердің бірінде Юлия отырған. Жол апатынан кейін ол ауруханаға жеткізілген.
"Юлия отырған көлікке ауыр соққы тиді, себебі ол отырған Nissan көлігіне қаза тапқан жүргізушінің көлігі соқтығысқан. Юлия әлі күнге дейін ауруханада, қозғала алмайды, екі рет операция жасалды, палатада жатыр. Жүктілігінің сегізінші айы өтіп жатыр, төртінші баламыз өмірге келеді. Жол апатының салдарынан баламызға зиян бола ма деп қорқамыз. Әзірге дәрігерлер ешқандай болжам жасап отырған жоқ", - дейді Юлияның күйеуі Рустам.
Ол Lexus жүргізушісі көлікті айдап келе жатып жағдайы нашарлап кеткен деген болжамға сенбейтінін айтты.
"Ол жол апатына дейін бірнеше рет қарсы жолаққа шығып кеткені көрініп қалған видеолар бар. Егер жағдайы нашарлап бара жатса, неге такси шақырмаған? Сонымен қатар ол кеңседен шығып келе жатқанда біреумен телефон арқылы сөйлесіп, ашуланып келе жатқанын көрген адамдар бар. Біреуді аңдып немесе қуып келе жатқан шығар? Әрине, нақты не болғанын білмейміз, бірақ бұл жол апаты біз үшін теракт сияқты болды", - дейді қарағандылық азамат.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болғанын, қала ортасында 6 көлік соқтығысқанын хабарлаған едік.
Оқиға күндіз сағат 14.15 шамасында Аманжолов көшесінде болған. Жол апаты салдарынан бір адам оқиға орнында мерт болды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел басқару орталығының бақылау камераларынан көліктердің соқтығысқан сәті түсірілген жазбалар алынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!