World News

Ақмола облысында қамыс арасынан шыға алмай қалған ер адам құтқарылды

Ақмола облысында қамыс арасында қалып қойған ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін кешке Жарлыкөл көлінде, аттас ауылдан 5 шақырым жерде қамыстардан табылып, 1948 жылы туған ер адам құтқарылды. Балық аулауды ұнататын ер адам қайықпен судан өздігінен шыға алмады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес. ТЖД азаматтарды су қоймасында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте