World News

Ақтауда үсті-басы қанжоса ер адам 4-қабаттан секіріп кетті

Желіде 4-қабаттан секіріп кеткен ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеоны 28а шағынауданының тұрғындары түсірген. Кадрлардан тұрғын үйлердің бірінде ер адам алдымен 4 қабаттың ашық терезесінде бірнеше минут отырғанын көруге болады. Ер адамның үсті-басы қанжоса, сонымен қатар қоршаулар мен балкон сырты да қанға малынған. Біраз уақыт ол пәтердің ішінде біреумен сөйлеседі, содан кейін орнынан тұрып, төмен секіреді.












View this post on Instagram

A post shared by Актау 911 | Aktau 911 (@911.aktau)


Өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша соталды тергеу басталды.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.ҚІЖК-нің 201-бабының тәртібінде тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net