Ұжымдық дәстүр
Біздің мектеп — жаңадан салынған сәулетті, сәнді ғимарат. Көктемде ұжымдық дәстүр бойынша мектеп айналасын көгалдандыру ісі басталды. Біздің бесінші сынып оқушыларының топбасшысы мен:
— Біздің сыныптағы он бес оқушы он бес ағаш отырғызып, мектепті бітіргенге дейін, ол ағаштарды үзбей күтейік, — деп ұсыныс жасадым.
— Біз әрбір ағаштың өз иесін белгілейік, сөйтіп олардың іс-әрекетін бақылап отырайық, — деді Асқар. Біз оның ұсынысын мақұлдадық.
— Әуелі ағашты қалай отырғызуды үйреніп алу керек, — деді сабырлы Садық.
— Ағаш отырғызудың қандай қиындығы бар? Оқытушы бәрін көрсетеді, — дедім.
— Ағаш отырғызу үшін көшет таңдай білу керек, — деп Керім кекиді.
— Менің...