World News

ҰҚК төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Руслан Сарқұлов Қазақстан ҰҚК төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Руслан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 23 қыркүйекте Бақытбек Қосжанов ҰҚК төрағасының орынбасары қызметінен босатылған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net