Жасанды интеллектті пайдалануымыз керек: Тоқев Қазақстан соттарын оңтайландыруды ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан соттарын жасанды интеллект арқылы оңтайландыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада өткен Судьялардың IX съезінде Қазақстан Президенті сот жүйесінің тиімділігін және оны одан әрі оңтайландыруды, оның ішінде цифрлық технологиялардың көмегімен қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
"Сонда сот процесіне қатысатын тараптардың әрқайсы сот жүйесінің ашықтығын көреді. Оңтайландыру өте маңызды, ол үшін жасанды интеллектті пайдалануымыз керек. Жасанды интеллект азаматтық істер бойынша аумақтық соттылықты енгізуге мүмкіндік берді. Депутаттар қазір бұл тәжірибені әкімшілік істерге кеңейтетін заң жобасын қарастырып жатыр. Мұның бәрі бірінші сатыдағы соттарды оңтайландыру мәселесін көтереді", - деді Президент.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!