World News

АЭС бойынша референдум: дауыс беру кабинасына екі адам кіруге бола ма?

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров егер екі адам дауыс беру кабинасына кірсе, ол заңбұзушылық болып саналады ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық референдум комиссиясының отырысында өткен брифинг барысында Петров Конституциялық заңда әркім жеке дауыс беретіні белгіленгенін атап өтті. Демек, "учаскеде кабинаға екеуден жаппай кіру жағдайы болмауы керек".

"Ерекше жағдай дауыс берушінің өзі дауыс бере алмайтын кезде болуы мүмкін. Бірақ мұны референдумның учаскелік комиссиясы бекітеді. Яғни, көмекшіге жүгінеді. Олар жергілікті органның лауазымды тұлғасы немесе бақылаушы болмауы керек. Басқа сайлаушы болуы мүмкін. Бұл бір ғана ерекше жағдай", - деп түсіндірді Петров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net