World News

Абай облысының әкімі референдумда дауыс берді

Абай облысының әкімі референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Абай облысында 487 сайлау комиссиясы жұмыс істеп тұр. Оның ішінде бір облыстық аумақтық комиссия, қалалар мен аудандарда 12 аумақтық комиссия бар. Сонымен қатар 474 учаскелік комиссия жұмылдырылған. Комиссия мүшелерінің саны 3293 адам.
Референдумға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысып, Семей қаласындағы №93 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Дауыс беруден кейін аймақ басшысы шараның ел үшін маңызын атап өтті.

"Аса күрделі мәселені Президент халықпен бірге ақылдаса отырып шешуді айтты. Абай облысы бойынша 474 сайлау учаскесі ашылып, заңға сәйкес жұмыс істеуде. Отбасыммен бірге өз таңдауымызды жасадық. Дауыс беруге келген жерлестеріміздің қарқыны жақсы. Абай елі береке-бірлігін көрсетіп, осы науқанды абыроймен өткізеді деп сенемін",- деді облыс әкімі.

Облыс бойынша сайлаушылар тізіміне 407 549 адам енгізілген. Бұл —референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар. Сонымен қатар, көшпелі сайлау комиссиялары ұйымдастырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net