Бектенов бағаны тежеу туралы: “Өңірлер осы жұмысқа шоғырлануы керек“
ҚР Премьер-министр Олжас Бектенов азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлер кабинетінің басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу үкіметтің басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.
"Өңірлер осы жұмысқа шоғырлануы керек. Бұл үшін барлық құрал бар. Нәтиже бар. Биылғы қыркүйекте инфляция 8,3 пайызға дейін баяулады. Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар жоспарын орындау бойынша барлық қажетті шараны қабылдау қажет. Әкімдіктер азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша сапалы жұмысты жалғастыруы керек", - деп тапсырды премьер.
Сондай-ақ, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жыл аяғына дейін экономиканың сапалы өсуі үшін барлық ресурсты жұмылдыру тапсырылды.
"Қазіргі жағдайда бұл оңай емес. Сондықтан осы бағыттағы күш-жігерді екі есе арттыру қажет. Бұл үшін әрбір министрлік пен өңірдің үйлесімді және тиімді жұмысы қажет", - деді Бектенов
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!