World News

Алматыдан 262 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Түнде Алматыдан 262 шақырым жерде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 қарашада Астана уақытымен сағат 04:31-де жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте