Эссе жазу үлгісі
Эссе — белгілі бір тақырыпта автордың субъективті көзқарасын білдіруге бағытталған жазбаша жұмыс. Эссе сипаттамалық, анықтамалық, хабарламалық, салыстырмалы, дәлелдеме, аргументтік, әдеби болып бөлінеді. «Әдебиет» пәнінде негізінен әдеби эссе жазылады. Әдеби эссе берілген көркем шығармадағы айтылған негізгі идеяға, көркемдігіне, тарихилығы мен кейіпкерлер жүйесіне байланысты өз көзқарасын білдіруді мақсат етеді. Эссе жазу мақсаты — білім бағалау болғандықтан, оқулықтағы эсселер «академиялық эссе» деп аталады. 11-сынып үшін эссе нормасы — 250—300 сөз.
Эссе құрылымы:
1. Кіріспе. Эссенің кіріспесінде негізгі ой тұжырымдама түрінде беріледі. Кіріспеде оқырманның қызығушылығын туғызу үшін риторикалық сұрақ, дәйексөз алуға болады. Кіріспеде барлық жұмыстың 30%-ы немесе 75—80 сөз болады.
2. Негізгі бөлім. Эссенің...