World News

Көлік үйілген топыраққа соғылды: Алматы облысында жол қызметкерлері жазаланды

9 қарашада Шелек ауылында кәріз желілерін қайта жөндеу учаскесінде жол апаты болды. Мердігер ұйым қажетті ескерту белгілерін орнатпай, жолда топырақ пен үйінді қалдырып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жол бойындағы топырақ пен үйіндіні байқамай, оған соқтығысып қалған. Оқиға салдарынан зардап шегуші жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Фото: Алматы облысының Полиция департаменті

Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері жұмысқа жауапты қосалқы мердігердің жол жүру бөлігін ескерту белгілерінсіз қалдырып, қауіпсіздік талаптарын бұзғанын анықтады.

Фото: Алматы облысының Полиция департаменті

Компанияны қылмыстық жауапкершілікке тарту және айыппұл салу туралы шешім шығарылғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте