Автобустар мен жедел жәрдем көліктері жол ережесін бұзушыларды тіркей бастады
Атырауда жедел жәрдем көліктері мен автобустар жасырын патрульдеу жүргізе бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысында пилоттық режимде жасырын патрульдеу және қоғамдық көліктер мен жедел жәрдем көліктеріне камералар орнату жобасы енгізілді.
ІІМ мәліметінше, жобаның мақсаты – жол қозғалысын бақылауды күшейту және жолдағы құқық бұзушылықтарды азайту.
Басты міндет – көліктерді автоматты түрде құқық бұзушылықтарды тіркейтін жүйелермен жабдықтау, бұл көлік ағынын бақылауға және ереже бұзу деректерін тіркеуге мүмкіндік береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!