World News

Павлодар облысында ағасы мен қарындасы зорлық-зомбылық құрбаны болған

Павлодар облысында ағасы мен қарындасы зорлық-зомбылық құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысында кәмелетке толмаған балаларды қорлау дерегі әшкере болды. 16 және 15 жастағы ағасы мен қарындасы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Ақпаратты Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова растады.

"Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зардап шеккендерге жан-жақты көмек толық көлемде көрсетіледі", - деді Шәкенева.

Өңірлік білім басқармасы дерек тексеріліп жатқанын хабарлады.

"Колледждің кәмелетке толмаған студентіне қатысты зорлық-зомбылық дерегін соталды тергеу барысында құқық қорғау органдары мектепте оқитын үлкен ағасына қатысты зорлық-зомбылық дерегін анықтады. Кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіледі. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп түсіндірді өңірдің білім басқармасы.

Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net