World News

Қарағандыда колония қызметкері азаптау үшін сотталды

Қарағандыда режим жөніндегі бөлімнің қызметкері азаптау үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің режим жөніндегі бөлімі бастығының орынбасарына сотталған адамды азаптағаны үшін үкім шығарды.

"Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ оған үш жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды. Сотталған "әділет майоры" арнайы шенінен айырылды және одан жәбірленушілердің өтемақы қорына тиісті төлемдер өндіріледі", - делінген хабарламада.

Соталды тергеуді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net