Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
28 қарашада Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде -13...-15°C, күндіз -2...-4°C суық.
29 қарашада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде -14...-16°C, күндіз -7...-9°C суық.
30 қарашада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -16...-18°C, күндіз -8...-10°C суық.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
28 қарашада Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +13...+15°C жылы.
29 қарашада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +15...+17°C жылы.
30 қарашада ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +10...+12°C жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!