Әкенің бала тәрбиесіндегі ролі
Мектепте “Әкелер мектебі” мен ұлдар клубы бірлесіп “Әкенің бала тәрбиесіндегі ролі” тақырыбында іс-шара өткізіледі. Іс-шараға ұлдар өздерінің әкелерін, ағаларын, кейбіреулер көпті көрген қария аталарын шақыруға болады. Онда ұл баланың қоғамдағы ролі мен отбасындағы жауапкершілігіне, әке мен баланың қарым-қатынасына кең көлемде, жан-жақты тоқталады.
Қазақта әрбір отбасы ұл баланың дүниеге келуін асыға күткен және ұл баланың тәрбиесіне үлкен мән берген. Өйткені қызды қонақ, ұлды ұрпағының жалғасы, әулеттің тізгінін ұстар азаматы, елдің мәртебесі мен абыройын асқақтатарар ер деп білген. Сондықтан тілі шығып, тәй-тәй басқан сәтінен бастап ұл баланың тәрбиесіне әкелер арласқан. Ұл баланың санасына ата-ананың, іні-қарындастарының. Отанының жауапкершілігі жүктелетінін сіңірген. Оған “Ұят болады”,...