Ағылшын тілін комуникативтік әдіс-тәсілдер арқылы ауызша сөйлеуге үйрету
Кіріспе. Қазіргі жаһандану дәуірінде ағылшын тілін меңгеру әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті маман дайындаудың негізгі талаптарының бірі болып табылады. Шет тілін үйрету әдістемесінде коммуникативтік әдіс-тәсілдер маңызды орын алады, себебі бұл тәсіл оқушылардың тілді тек теориялық тұрғыда емес, шынайы өмірде қолдануына ықпал етеді. Коммуникативтік әдістің басты мақсаты – оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, оларды әртүрлі жағдайларда еркін сөйлесуге және ойын нақты жеткізуге үйрету.
Осы мақалада коммуникативтік әдістерді қолданудың ерекшеліктері қарастырылады, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар мен оларды жеңу жолдары ұсынылады. Ағылшын тілін ауызша сөйлеу деңгейінде меңгерту үшін диалогтар, рөлдік ойындар, пікірталастар және басқа да интерактивті әдістердің маңыздылығы мен тиімділігі...