Тәуелсіздік - ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылық
Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздік тарихын бастады. Ал тәуелсіздік күні кез келген ел үшін басты күн және басты мереке болып саналады. Бұл күн - Қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Тарихтың талай бұралаң белесінен өтіп, бұл күнге де жеттік. Азаттықтың ақ таңы атты. Тәуелсіздік – елдің қолына зарықтырып барып қонған бақыт құсы. Бұл бәріміз көптен күткен мерейлі мезет, тарихи оқиға. Тәуелсіздік дегеніміз – мемлекеттің өз саясатын өз еркімен жүргізуге қол жеткізуі, мемлекеттің ішкі, сыртқы істері өз билігінде болу. Мемлекетті құру мәселесін түпкілікті шешудің жолы – тәуелсіздік жариялау. Оны жариялаған құжат – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң....