World News

1,1 млрд теңгеден аса қаржыны жымқыру: Астана мен Шымкентте пәтерлер мен үйлер тәркіленді

Қаржы мониторингі агенттігі қылмыстық жолмен алынған 358 миллион теңгеден аса қаражатқа сатып алынған жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚМА Шымкент бойынша департаменті өңірдің лауазымды тұлғаларына және "Қуатжылуорталық-3" МКК-ға қатысты сметалық құнын арттыру, сондай-ақ нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу арқылы қаладағы жылу желілері мен электр беру желілеріне биылға жөндеу жүргізуге бөлінген 1,1 миллиард теңгеден аса бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеуді аяқтады.

"Сонымен қатар күдіктілер лауазымды адамдар ұрланған қаражатты жылыстату үшін "қолма-қол ақша жасаушылар" тобын тартты. Олар 7 пайыз мөлшерінде ақшалай сыйақы үшін бөгде тұлғаларға рәсімделген 24 күмәнді кәсіпорын арқылы тауарларды жеткізу және қызмет көрсету жөніндегі мәмілелер туралы жалған құжаттар (шот-фактуралар, жүкқұжаттар, орындалған жұмыс актілері, шарттар) ұсынды", - делінген хабарламада.

Параллель қаржылық тергеу шеңберінде қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған жылжымайтын мүліктер, атап айтқанда, Шымкент және Астанадағы 2 пәтер, 1 тұрақ орны, Шымкент қаласындағы 3 жеке үй және банк шоттарындағы тыйым салынған 50 миллион теңге анықталып, тәркілеу мақсатында сот санкциясымен тыйым салынған.
Сот үкімі бойынша, барлық жеті айыпталушы 2 жылдан 7,5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net