World News

Доллар бағамы темендеп келеді: биржадағы жағдай

Қазақстанда 3 желтоқсандағы сауда нәтижесінде доллар бағамы қандай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық нәтижелері бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 523,17 теңге болып, 1,62 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, доллардың 3 желтоқсанға ресми бағамы - 524,58 теңге.

kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде долларды орташа сатып алу бағамы 523,70 теңгеге, ал сату бағамы 528,43 теңгеге тең. Астанада долларды орташа сатып алу бағамы 521,92 теңге, сату бағамы – 528,95 теңге.

Еске салайық, 2 желтоқсанда KASE күндізгі сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 524,58 теңге болып, 12,06 теңгеге қымбаттаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net