World News

Алматы облысында әйел конвейерге түсіп кетіп, қаза болды

Алматы облысында "Байсерке Агро" кәсіпорнында қайғылы оқиға болды. Жұмысшы конвейер шұңқырына түсіп кетіп, оқиға орнында қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысының Полиция департаменті еңбек қорғау ережелерінің бұзылуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"2023 жылдың 3 желтоқсанында "Байсерке Агро" ЖШС-де болған оқиға нәтижесінде 42 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Қазіргі уақытта жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін еңбек инспекциясына жіберілді, оның нәтижесінде түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net