Спорт журналисі болғым келеді
Қазіргі уақытта журналистика саласының бірнеше бағыты мен кезеңі бар. Олар өз алдына жеке дара бөлінеді: ақпараттық, аналитикалық , көркем публицистикалық жанр . Осы айтылған жанр түрлеріне мысал келтірейік. Ақпараттық жанр – қазіргі қоғамда орын алып жатқан мәселелерді талқыға салып, ара-жігін ажыратып, оны халыққа жеткізеді. Аналитикалық – ол бір ортақ тақырыпты негізге алады. Мәселен су проблемасы қозғалса, сол өңірдегі халықтың әл-ауқатын біліп, толығымен зерттейді. Одан кейін ол аймақты нысанға ала отырып халыққа сапалы жұмыс істейді. Бұл күнделікті жалпыға ортақ журналистік бағыттар. Ал енді біздің қозғайын деп отырған тақырып – спорт журналистикасы. Қазіргі қазақ комментаторлары немесе спорт журналистер қандай деңгейде, және жоғарыда...