World News

Шавкат Рахмонов UFC турниріндегі жетінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өтіп жатқан UFC 310 турнирінде ирландиялық Иан Гэрриді жеңіп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Спортшылар жекпе-жекті бір-бірін бақылаумен бастады. Алғашқы минуттар арбасумен ғана өтті. Шавкаттың бір соққысы қарсыласына дәл тиіп, есінен тандыра жаздады. Бұл отандасымызға басымдық беріп шықты деуге болады.
Екінші раундтың көп бөлігін спортшылар тік тұрып жұдырықтасумен өткізді. Бұл раундта да Шавкаттың соққылары қарсыласына қарағанда көп дәл тиді.
Үшінші раундтың алғашқы минутын да спортшылар жұдырықтасумен бастап, көп күресе қоймады. Аяқпен тебуде Иан Гэрри белсенді болды. Раунд соңына қарай ғана Шавкаттың әдістері жүзеге асты.
Төртінші раунд та тең текетіреспен басталған. Шабуылдардың бірінде Шавкат қарсыласын жығып алып, бірнеше рет соққы жасады. Гэрри бұл әдістен сытылып шыға білді. Раунд соңында Шавкат ирландиялықты кезекті рет күресте жеңіп шықты.
Бесінші раундты Иан Гэрри белсенді бастап, қылқындыру әдісіне салды. Шавкат бұл қиын сәттен шыға білді. Бұл ирландиялық спортшыға басымдық беріп шықты.
Жекпе-жек жоспарланған бес раунд бойы өтіп, төрешілер шешімі бойынша Шавкат жеңіске жетті.

Шавкат Рахмонов UFC чемпионы Белал Мұхаммедті жекпе-жекке шақырып, октагонда көз арбасты.
Шавкат мансабында 19-шы жеңісіне қол жеткізді. Иан Гэрри алғаш рет жеңілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net