World News

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы үш күнге — 12, 13 және 14 желтоқсанға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді, бұл тұрақсыз ауа райын алып келеді. Қар, бұрқасын және екпінді жел күтіледі. 13 желтоқсанда күндіз және 14 желтоқсан бойы елдің батыс өңірлерінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, сондай-ақ көктайғақ болуы мүмкін.

"Ауа температурасының төмендеуі тек елдің батысында түнде 0-8 градус аязға дейін төмендейді деп болжанған. Қалған өңірлерде түнгі температураның біртіндеп көтерілуі күтіледі: солтүстік-батыста, солтүстікте 3-10 градус аяз, Қазақстанның орталығында 5-13 градус аяз, шығысында 10-20 градус аяз, оңтүстік-шығысында 0-10 градус аяз, ал оңтүстік өңірлерде 8 градус аяздан 2 градус жылыға дейін", – делінген хабарламада

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net