World News

Алматыда бұрынғы жоғары лауазымды полицей ұсталды

Алматыда Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде есірткімен күрес басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Мәліметтерге сәйкес, ол Алматыдағы есірткі зертханаларының бірінде синтетикалық есірткі өндіруге көмек көрсетті деген күдікке ілінген.

Алматы Полиция департаменті бұрынғы қызметкердің ұсталғанын растады. Полиция мәліметінше, аталған қызметкер биылғы қазанда ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған. Оның жұмыстан босатылуы кезектен тыс аттестаттау нәтижесінде болған, аттестаттау барысында ол өз қызметіне сай емес деп танылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net