World News

Елде полиция күшейтілген режимге көшті

14 желтоқсаннан бастап ІІМ қызметкерлері қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ демалыс және Тәуелсіздік күні кезеңінде полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтетінін хабарлады.

"Мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын объектілерде нарядтардың тығыздығы ұлғайды. Жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйелерінің көмегімен бақылау күшейтіледі", - деп хабарлады министрлік.

Полиция іс-шараларды өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндерін мәлімдеді.
Еске салайық, 11 желтоқсанда ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов полиция Тәуелсіздік күні қарсаңында қызмет режимін күшейтетінін мәлімдеді.
ТЖМ демалыс кезеңіне де күшейтілген режимге көшті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net