World News

Көктайғақ және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 17 желтоқсанда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана: ауытқымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін. Түнде ауа температурасы -12...-14°C, күндіз -8...-10°C.

Алматы: ауытқымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде кей жерлерде тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Түнде температура -14...-16°C, күндіз -4...-6°C.

Шымкент: ауытқымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Түнде температура -13...-15°C, күндіз 0...-2°C.

Ақмола облысы: жауын-шашынсыз ауа райы. Жел оңтүстіктен 15-20 м/с, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 23 м/с. Түнде температура -12...-17°C, облыстың батысы мен солтүстігінде -9°C, күндіз -6...-11°C. Көкшетауда ауытқымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 15-20 м/с. Түнде және күндіз температура -9...-11°C.

Алматы облысы: жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстікте және таулы аудандарда кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде температура -13...-18°C, солтүстікте және таулы аудандарда -21...-26°C, күндіз -4...-9°C, таулы аудандарда -12...-17°C. Қонаевта ауытқымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде температура -15...-17°C, күндіз -5...-7°C.

Жетісу облысы: жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, шығыста және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында кей уақытта 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде температура -15...-20°C, солтүстік, орталық және таулы аудандарда -23...-28°C, күндіз -5...-10°C, солтүстік және таулы аудандарда -13...-18°C. Талдықорғанда ауытқымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Түнде қатты аяз -23...-25°C, күндіз -5...-7°C.

Түркістан облысы: жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстікте, батыста, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с, таулы асуларда 15-20 м/с. Түнде температура -11...-16°C, солтүстік және таулы аудандарда -20°C, күндіз -3°C пен +2°C аралығында, солтүстік және таулы аудандарда -6°C. Түркістанда ауытқымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Түнде температура -12...-14°C, күндіз -1...-3°C.

Батыс Қазақстан облысы: негізінен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Батыста, солтүстікте және шығыста қарлы боран. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде температура -0...-5°C, күндіз -2...+3°C. Оралда бұлтты, қар, көктайғақ, қарлы боран. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде температура -3...-5°C, күндіз 0...+2°C.

Атырау облысы: жаңбыр мен қар күтіледі. Солтүстікте, оңтүстікте және шығыста көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 17-22 м/с дейін. Түнде температура -0...-5°C, күндіз -2...+3°C. Атырауда бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар, түнде көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін. Түнде температура -1...-3°C, күндіз +1...+3°C.

Маңғыстау облысы: күндіз батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, көктайғақ. Батыста және солтүстікте тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз батыста және орталықта 15-20 м/с дейін. Түнде температура -3°C пен +2°C аралығында, солтүстікте -8°C, күндіз +3...+8°C, солтүстік және шығыста 0°C. Ақтауда ауытқымалы бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде температура 0...-2°C, күндіз +5...+7°C.

Ақтөбе облысы: батыста, солтүстікте және шығыста түнде қар, боран, күндіз қар жауып, кей жерлерде боран соғады. Батыста және солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, батыста, солтүстікте және шығыста екпіні 15-20 м/с дейін. Түнде температура -5...-10°C, шығыста -13°C, күндіз 0...-5°C, шығыста -8°C. Ақтөбеде бұлтты, кей уақытта қар, боран. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Түнде температура -5...-7°C, күндіз -1...-3°C.

Қостанай облысы: батыста, солтүстікте және орталықта қар, боран күтіледі. Жел оңтүстіктен 15-20 м/с, солтүстік жартысында екпіні 23-28 м/с дейін. Түнде температура -7...-12°C, шығыста -15°C, күндіз -3...-8°C. Қостанайда бұлтты, қар, қарлы боран. Жел оңтүстіктен 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с. Түнде температура -7...-9°C, күндіз -4...-6°C.

Солтүстік Қазақстан облысы: батыста, солтүстікте және шығыста қар, қарлы боран. Жел оңтүстіктен 15-20 м/с, батыста, солтүстікте және оңтүстікте екпіні 23-28 м/с дейін. Түнде температура -10...-15°C, күндіз -6...-11°C. Петропавлда ауытқымалы бұлтты, күндіз аздаған қар, қарлы боран. Жел оңтүстіктен 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін. Түнде температура -10...-12°C, күндіз -6...-8°C.

Павлодар облысы: жауын-шашынсыз ауа райы. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде температура -14...-19°C, күндіз -8...-13°C. Павлодарда ауытқымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Түнде температура -15...-17°C, күндіз -10...-12°C.

Қарағанды облысы: жауын-шашынсыз ауа райы, батыста қарлы боран. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, батыста екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін. Түнде температура -12...-17°C, шығыста -23°C, күндіз -8...-13°C, шығыста -16°C. Қарағандыда ауытқымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде температура -14...-16°C, күндіз -9...-11°C.

Ұлытау облысы: жауын-шашынсыз ауа райы. Солтүстік және шығыста қарлы боран. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, солтүстік және шығыста екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с дейін. Түнде температура -12...-17°C, күндіз -7...-12°C, батыста -4°C. Жезқазғанда ауытқымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде температура -12...-14°C, күндіз -7...-9°C.

Шығыс Қазақстан облысы: жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік және шығыста тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде температура -21...-26°C, солтүстік және шығыста -30°C, оңтүстік-шығыста -17°C, күндіз -10...-15°C, солтүстік және шығыста -18°C. Өскеменде бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде температура -24...-26°C, күндіз -11...-13°C.

Абай облысы: жауын-шашынсыз ауа райы. Түнде және таңертең шығыс және оңтүстікте тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз оңтүстік және орталықта екпіні 15-20 м/с дейін. Түнде температура -17...-22°C, шығыс және орталықта -25...-30°C, күндіз -11...-16°C, оңтүстікте -7°C. Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Түнде температура -20...-22°C, күндіз -11...-13°C.

Қызылорда облысы: жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 8-13 м/с, түнде солтүстікте екпіні 15-20 м/с дейін. Түнде температура -7...-12°C, солтүстікте -15°C, күндіз -4°C пен +1°C аралығында. Қызылордада ауытқымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 6-11 м/с. Түнде температура -9...-11°C, күндіз -1...-3°C.

Жамбыл облысы: жауын-шашынсыз ауа райы. Оңтүстікте және таулы аудандарда тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін. Түнде температура -14...-19°C, солтүстік және таулы аудандарда -23°C, күндіз -2...-7°C, солтүстік және таулы аудандарда -10°C. Таразда ауытқымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кейде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде температура -14...-16°C, күндіз -2...-4°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net