World News

Гвинея-Бисау президенті Қазақстанға келеді

Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған байланысты Астанада африкалық елдің жалаулары ілінді. Олар Мәңгілік Ел даңғылында байқалады.

Гвинея-Бисау президентінің Астанаға ресми сапары 18 желтоқсанда өтеді.
Еске салайық, қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Умару Сисоку Эмбалоны Қазақстан астанасына ресми сапармен келуге шақырған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net