World News

Қазақстандық сейсмологтар Қытайда жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Қытайда жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институтының мәліметінше, 18 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 15:01-де "ҰМҒТСО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 371 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 18 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 03:01-де сейсмологтар Қытай мен Қазақстан шекарасында жер сілкінісін де тіркеген. Жер сілкінісі ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 576 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ (MSK-64 шкаласы бойынша).
Еске салайық, 15 желтоқсанда кешке Алматыдан солтүстікке қарай 88 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. Есептелген қарқындылы:

Қонаев қаласы – 3,0 балл,
Алатау қаласы (Жетіген) – 2,0 балл,
Күрті ауылы – 2,0 балл.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net