World News

Алматыдағы атыстың мән-жайы айтылды

Алматыда Наурызбай ауданында 20 желтоқсанда болған атыстың мән-жайы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі almaty press-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, атыс Nef Uptown тұрғын үй кешенінде болған. Қылмыскер өзін электрик ретінде таныстырып, тұрғын үй кешеніне кірген. Кейін пәтерлердің біріне кіріп, үйде кездейсоқ болған ерлі-зайыптыға тапаншадан оқ жаудырған.
Екеуі де ауыр жарақат алды, әйелдің кеудесі мен қолы сынған. Ер адамның жағдайы ауыр: оған бес сағатқа созылған ота жасалып, енді ғана есін жиды. Ерлі-зайыпты ауруханада жатыр.
Тергеушілердің айтуынша, шабуылдың мақсаты тонау болған. Оқ жаудырған адам полиция келгенше қашып үлгерген. Алайда тұрғын үй кешенінің аумағында бейнебақылау камералары жоқ. Бұл жөнінде кешен тұрғындары көптен бері шағымданып жүрген.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

"Қылмысты ашуға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы полициясының өкілдері.

Зардап шеккендер шамамен 40 жаста, күйеуі сақтандыру компаниясында жұмыс істейді, ал әйелі балалардың спорттық мансабымен айналысады. Балалар шабуыл кезінде үйде болмаған.

"Бұдан мынадай қорытынды шықты: қауіпті қылмыскер Алматыда тапаншамен қаруланған, оны тонау үшін пайдалануға дайын жүр", - делінген мақалада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net