World News

Қомақты ақшаны иемдену ісі - қазақстандық Дубайда ұсталды

️Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін ("Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.

"2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net