World News

Қайрат Лама Шариф Мысыр мен Тунистегі елші қызметінен босатылды

Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Мысырдағы және Тунистегі елшісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

"Қайрат Лама Шариф Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ақылбек Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net