World News

Боран және тұман: Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет Алматы мен Астанада алдағы үш күнде – 10-12 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

10 қаңтарда Астанада ауыспалы бұлтты, кей уақыттарда аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел 9-14, кейде екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз -6...-8°C.

11 қаңтарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз -6...-8°C.

12 қаңтарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз -5...-7°C.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

10 қаңтарда Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз -0...-2°C.

11-12 қаңтарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -0...+2°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net