World News

Әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр

Әлемдік мұнай бағасы кейінгі бірнеше айдағы ең жоғары деңгейге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана уақыты бойынша, сағат 10:25-те Лондон биржасындағы ICE-де Brent маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстерінің бағасы 1,90 пайызға өсіп, барреліне 81,28 долларға жетті. Бұған дейінгі күн ішінде баға 81,47 долларға дейін көтеріліп, 2024 жылғы тамыздың аяғынан бергі ең жоғары деңгейге жеткен еді.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 2,06 пайызға өсіп, барреліне 78,15 долларға жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың қазанының басынан бергі ең жоғары мәнге жетіп, 78,36 доллар болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте