World News

Астанада LRT құрылысына байланысты жол қозғалысы уақытша өзгереді

CTS Астанада LRT құрылыс жұмыстарына байланысты жолайрығында көлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
LRT құрылысы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, 101-102 аралығында болат қорапты арқалықты орнатуға байланысты:

14 сәуірде сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін - Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жолайрығында Қарағанды тасжолы бағытынан Қосшы қаласына қарай қозғалыс уақытша шектеледі;
15 сәуірде сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін - Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы жолайрығында Қосшы қаласынан Қарағанды тасжолы бағытына қарай қозғалыс шектеледі.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от City Transportation Systems (@cts_kz)


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте