Қазақстандағы баспана мәселесі неге шешілмей келеді?
Баспана – әр адам үшін ең басты, ең қарапайым қажеттіліктердің бірі. Алайда соңғы жылдары Қазақстанда үй алу, тіпті жалдап тұрудың өзі көпшілік үшін қолжетпес арманға айналып бара жатқандай. Жыл сайын құрылыс көп салынып жатыр, түрлі бағдарламалар жарияланып жатыр, бірақ қарапайым халық «үйлі болудың» үмітін емес, тек есеп-қисабын түгендеумен жүр.
Қүрылыс саны көбейгенімен,әлі күнге дейін баспанасыз жүрген халық өте көп.Мәселен,2024 жылы Қазақстанда 18,96 миллион шаршы метр тұрғын үй салынған екен – бұл тәуелсіздік алғалы болмаған рекорд. Алайда бұл жаңалықтан көпшілік қуана қойған жоқ. Себебі баға да сол қарқынмен бірге шарықтап барады. Мысалы, Астанада жаңа пәтердің 1 шаршы метрі орта есеппен...