Текті ұрпақтың сыры - жеті атада ма?
Қазақ халқында "Жеті атасын білмеген- жетесіз" деген сөзі бекер айтылмаған. Ес білген бала үшін өзінің ата-тегін, руын, тайпасы мен ел-жұртын білуі аса маңызды. Бұл- көнеден келе жатқан, қазақ халқында қалыптасқан рухани тәрбие ғана емес, биологиялық тұрғыдан қан тазалығын сақтау үшін қолданылған қауіпсіздіктің де көрінісі.
Ерте кезден-ақ ата-бабаларымыз жеті атаға дейін қыз алысып, қыз беріспеген. Тарихқа үңілсек, бұл дәстүрдің ғылыми атауы да бар. Яғни, экзогамия- туыстық қатынасы бар адамдардың өзара некелесуіне тыйым салу. Бұл заңдылық тек қазақ халқына ғана емес, әлемнің көне тайпалары мен халықтарының біразына тән болған. Алайда қазақ бұл ережені жеті ата арқылы...