Жасанды интеллект журналистиканы алмастыра ала ма?
21 ғасырды "ақпарат дәуірі" дейміз. Бұл - ақиқат. Ақпарат дәуірінің қарыштап дамығаны соншалық, адамзат ғұмырында небір елеулі өзгерістер болып жатыр. Адамның ой-санасы жетілді, ғылым дамыды, өріс кеңейді. Әсіресе қазіргі қоғамда жасанды интеллект бірнеше мамандықты алмастыруда. Бұл ретте алмастырудың пайдасын ғана емес, зияны да барын баса айту керек. Білім мен жүректі қажет ететін журналистиканың негізгі миссиясы шыңдық пен әділдікті көздегендіктен, ақпарат таратушы маман, әуелі, адам болған дұрыс. Дегенмен, бүгінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін шұқшия телміретін тик-ток желісі мен жасанды интеллект сұхбат алушының жұмысын атқарып жатыр. Жұмысын бағалағанда кәдімгі адам екен деп қаласың. Бірақ көкейде бұл кері әсерін тигізбей ме деген...