Менің еңбек жолым және педагогикалық жетістіктерім!
Мен ең алғаш ұстаздық еңбек жолымды 1988 жылдан Шымкент облысы Шардара қаласындағы Н. К. Крупская атындағы орта мектебінен бастадым. Кейін 1997 жылы Ақтау қаласына келіп, № 10 жалпы орта мектебінде ұстаздық еңбек жолымды жалғастырып келемін. Соның ішінде, 15 жыл тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары қызметінде, 5 жыл қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік жетекшісі қызметін атқарып келдім. Сонымен қатар мектептегі сабақтарымнан бөлек, қосымша мекемелерге жұмысқа кіріп, дәріс беріп келдім. Атап айтсақ: Маңғыстау облысы «Өрт сөндіру» бөлімшесінің қызметкерлері арасында басқа ұлт өкілдеріне кәсіби қазақ тілі пәнінен 7 жыл, Ақтау қалалық медициналық колледжінде 5 жыл сабақ беріп келді. 2002 жылы Алматы қаласындағы...