Қазақ тілін білу – міндет пе, мәртебе ме?
Қазақ тілі – тағдыры тәлкекке түскен тіл бе?
Айналамызды сан соқтырған мәселелер мен бітпейтін ойлар – күнделікті өмірдің машақатын айқын көрсетіп отыр. Қамшының сабындай қысқа өмірде көзге көріне бермейтін, бірақ өзекті мәселелер аз емес. Солардың бірі – қазақ тілі.
Қанша жерден дабыл қағып, дауыстап айтсақ та, қазақ тіліне құлақ асатындардың саны күн санап азаюда. “Тіл болмаса – ел де болмайды” деген терең мағыналы сөз бар. Қазақ тілі үшін күрескен ерен тұлғалар мен зиялылардың еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды. Алайда бүгінгі қоғамда тіл үшін шырылдағандар көбейсе де, келешек ұрпақтың міз бақпауы – көңілге қаяу түсіреді.
Мұның себебі неде? Үйдегі тәрбие ме?...