Қазақ қызының еркіндігі мен білім алу жолындағы күресі
Әндер, ежелгі поэмалар, күрес, әйелдердің еркіндігі және олардың қоғамдық мерекелерге қатысуы — бәрі біртіндеп қолданыстан шығып барады.
(Шоқан Уәлиханов шығармаларынан.)
Ерте заманнан-ақ қазақ қоғамында әйелдің рөлі мен мәртебесі жоғары болған. XVIII ғасырлардағы қазақ әйелдері туралы жазбаларда олардың ер адамдармен бірге қару алып, шайқасқа қатысқаны айтылған.
Мысалы:
• Айтолқын — Абылай ханның қызы.
• Гауһар — Қабанбай батырдың жары. Гауһардың қызы Назым да жоңғарларға қарсы шайқастарға қатысқан.
• Бопай ханым — Кенесары ханмен бірге Ресей империясына қарсы көтерілісті басқарған.
«Жеті жарғы» заңында әйелді ұрлау — адам өлтірумен тең қылмыс саналатын. Мұндай заңдардың өзі сол дәуірде әйелге деген қоғамның құрметін көрсетеді. Алайда...