World News

Тоқаев Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорын ауыстырды

Еркін Тұқымов Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Тағы бір өкім бойынша, Жандос Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте