Мәшһүр заманындағы әлеуметтік мәселелер
Алаштың бір туар перзентін білмеу мүмкін емес. Мынау ғапыл дүниеде сүрген әр мезеттің кездейсоқ емес екенін білген. Өз шығармаларында заманының дала сырын қара сөзбен шерткен. Дәуірдің дархан дариясы отаршыл саясат пен діни мәселелерді көп қозғаған. Ұлы тұлға асыл топырақты, маңғыс таулы ғажайып Баянауылда дүниеге келген. Сол жердің аға сұлтаны болған Мұса Шорманұлы алысты болжайтын болса керек. Бір күні үлкен жиында халық жырлары мен дастандарды мүдірмей жатқа айтқан Адам Жүсіпті жанына шақырып алады. Енді сен Мәшһүр боласын деп тақиясына үкісін өз қолымен тағып береді. Шыныменде атына сай тұлға атанғанына еш күмән жоқ.1865 жылы Сақау ақынның айтуынан « Ер олжабай» батыр жырын...