World News

Қазақстандықтар Астана күнінде қалай демалады?

Шілдеде қазақстандықтар Астана күніне орай бірнеше күн демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана күні
Шілдеде мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай қосымша демалыс беріледі. Мереке 6 шілдеде атап өтіледі.2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс 7 шілдеге ауыстырылады.
Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.
Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

5, 6 және 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) - демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;6 және 7 шілде (жексенбі және дүйсенбі) - демалыс күндері.

Шілдеде қанша демалыс күн бар?
Биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істесе, 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте