World News

Әшімбаев Назарбаевтың Мәскеуге сапары туралы: “Аса мән берудің қажеті жоқ“

Бүгін Сенат дәлізінде Мәулен Әшімбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәулен Әшімбаев сапар жеке сипатта болғанын және оның ресми мәртебесі жоқ екенін айтты.

"Экс-президенттердің басқа елдердің саясаткерлерімен кездесуге құқығы бар. Мұның бәрі жеке іс-шаралар аясында өтті", - деп түсіндірді Сенат спикері.

Мәулен Әшімбаев мұндай жеке кездесулерге үлкен мән бермеуге шақырды.

"Мемлекеттік саясат, еліміздің сыртқы саяси стратегиясына қатысты мәселелерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүзеге асырады", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелге сапарына қатысты пікір білдірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте