Моғолстанда ислам дінінің қабылдануы
Моғолстан билеушілері тікелей Шыңғыс ханнан тарағандықтан, олардың ислам дінімен байланысы алғашында өте әлсіз болды. Дегенмен, уақыт өте келе бұл мемлекет те басқа Орта Азия хандықтары сияқты ислам дінін қабылдады. Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде баяндайды.
…Тоғылық Темір аңға шықпақ болып, ешкім аңға шығудан шет қалмасын деген жарлық береді. Аң аулап жүрген кезде хан сарбаздары бір отбасыны жамағатымен кезіктіріп, оларды байлап-матап хан алдына алып келеді. Себебі олар хан бұйрығын бұзып, аңға дайындалмаған екен.
Хан олардан:
– Сендер неге менің бұйрығымды орындамадыңдар? – деп сұрайды.
Сонда шейх:
– Біз ойрандалған Катактан келе жатқан ғаріп елміз. Әйтпесе бұйрықты...